Әлеуметтік желіге қатерлі ісікпен ауыратын балалардың суретін жариялап, жалған қайырымдылықпен айналысқан алаяқ қолға түсті. Ол Instagram-нан парақшасына Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат керек деп жазып, өзінің банк шотының деректерін көрсетіп қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды», - деп мәлімдеді Алматы облысының полициясы.
Қазір күдікті қамауда отыр. Оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.