Атырау, 13 қараша 10:55
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Орталық Азия елдері басшылары мен Германия канцлерінің бірлескен декларациясы қабылданды

410 просмотра
Фото: Ақорда

Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің бірлескен декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцтің кездесуі өткен болатын. Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері басшылары мен Германия канцлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиында айтылған барлық ұсыныс бүгін қабылданған Бірлескен декларациядан көрініс табатынына сенім білдірді. 

Сонымен қатар жиында халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға баса мән берілді. 

Тоқаев күрделі геосаяси жағдайда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері көпжақты ынтымақтастықтың бір бөлігі ретінде ұдайы назарда болатынын атап өтті.

«Елдеріміз санқырлы форматта, оның ішінде БҰҰ аясында тығыз қарым-қатынас жасайды. Біз алдағы уақытта да әлемде баламасы жоқ осынау әмбебап Ұйымның терроризммен, эсктремизммен, заңсыз көші-қонмен және климаттың өзгеруімен күрестегі, сондай-ақ бітімгершілік пен қарусыздандыру ісіндегі күш-жігерін толықтай қолдауға ниеттіміз. Қазақстан БҰҰ-ны реформалау үдерісіне де белсене атсалысуға дайын. Бірқатар дамыған мемлекет, соның ішінде Германия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатарында болуға әбден лайық. Орайлы сәтті пайдалана отырып, 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ұсынған Қырғыз Республикасына табыс тілеймін. Қырғызстан Орталық Азияда және одан тысқары жерлерде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатынына сенімдімін», – деді Қазақстан президенті.

Естеріңізге салсақ, 16 қыркүйекте Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келді.

17 қыркүйек, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.