Атырау, 13 қараша 11:11
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылған

413 просмотра

Маңғыстау облысы Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдары бюджеттің 117 млн теңгесін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, мекеме басшысының да осы іске қатысы болған. Алайда, рақымшылықтың арқасында ол жазадан құтылған.

«Аталған фактіні облыс прокуратура тергеп,  сотқа жолдады. Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас ботандығынан айырылды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

17 қыркүйек, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.