Атырау, 23 қараша 01:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бекзат Абайылданов ҚМГ басшысының орынбасары болып тағайындалды

1 129 просмотра

Бекзат Абайылданов мұнай және газ өндіру, геологиялық барлау бағытын басқарады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Б. Абайылданов Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Өндірісті басқару және ұйымдастыру» және «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ филиалының №1 мұнай-газ өндіру басқармасында оператор көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары — «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары, «Каспий Мұнай» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

17 қыркүйек, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.