Әсет Мағауов мұнай өңдеу және мұнай химиясы, мұнай өңдеу зауыттарының қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Ә. Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.
Ә. Мағауов И. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын «Отын-энергетика кешені салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Теңізмұнайгаз» АҚ-да экономист болып бастаған. Әр жылдары энергетика вице-министрі, мұнай және газ вице-министрі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ басқарушы директоры, Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының бас директоры қызметтерін атқарды.