Жол-көлік оқиғаларының алдын алу көп жағдайда жүргізушілердің саналылығына және сақтығына байланысты. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне әсер ету үшін Атырауда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Қала аумағында қайғылы апат салдарының айқын көрінісі ретінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған автомобильді эвакуаторларға салып жүріп өтті. Мақсат - көрген жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардың осындай қайғылы оқиғаның әрқайсысымен орын алуы мүмкін екендігін түсінуіне ықпал ету. Өйткені, жүргізушілер үшін бүтін автокөліктің орнындағы металл қирандысы барлық теориялық ескертулерден де айқын әрі дәлелді көрініс болары анық.
Жол қателіктерді кешірмейді! Жол қауіпсіздігіне мұқият болайық!