Атырау, 23 қараша 02:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраулық оқушы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеу жүріп жатыр

953 просмотра
Фото: UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi 

10 қыркүйек сағат 23:30 шамасында 13 жастағы қыз анасымен бірге тұратын пәтерде өз-өзіне қол жұмсады.

Бейресми дереккөздің хабарлауынша, Привокзальный ықшамауданындағы №24 мектепте оқитын сегізінші сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсауына буллинг себеп болған.

Мектеп директоры Әлия ЕДІЛБАЕВА "АЖ"-ға берген түсініктемесінде мектептегі оқушылардың немесе мұғалімдердің тарапынан жәбірлеу болмағанын айтады.

– Мұндай әрекеттің себебін айта алмаймыз, бірақ мектепте ресми түрде бірде-бір буллинг дерегі тіркелмеді, оның ішінде осы оқушыға қатысты да. Оқушы қыз бұрын тұйық болған, бірақ жақында ашылып, сыныптастарымен кездескенде құшақтасып, амандасатын болған. Мектеп оқушылары арасында қолайлы жағдай жасауға тырысып, осы мақсатта былтырдан бастап шығармашылық топтар ашылды, - дейді директор.

Ол сондай-ақ қыздың мектеп психологымен сөйлескенін, бірақ маман оқушымен сөйлескен кезде оның мінез-құлқынан ешқандай алаңдаушылық тудыратын белгілер таппағанын айтты.

Сегізінші сынып оқушысы орыс сыныбында оқыған, толық емес отбасында тәрбиеленген, анасымен бірге тұрған.

Анықтама үшін, 750 орынға есептелген №24 мектепте 2262 оқушы оқиды. Қазіргі уақытта ол үш ауысыммен жұмыс істейді.

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Айнұр САПАРОВА

17 қыркүйек, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.