Атырау, 11 қазан 07:47
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Шұғыл босандыруға тура келді»

1 075 просмотра

Фельдшерлік бригада Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылында тұратын 31 жастағы әйелді үйінен босандырып алды.

Шұғыл шақыру орнына 47-ші бригада фельдшері Руслан Мұсағалиев пен қосалқы фельдшер Альбина Камиева барған. Белгілі болғандай, әйелдің жүктілігі 38-39 апта. Бесінші рет құрсақ көтерген келіншек бастапқыда толғақтың күшейгенін күтіп, ауруханаға асықпаған. Кейін толғағы жиілеп, қатты ауырсынған соң жедел-жәрдем шақыртқан. Қуанарлығы сол, фельдшерлік бригада шақырту түскен аумақта жүріп, жүкті келіншекке 6-7 минутта жеткен. Олар әйелдің жатыр мойны ашылғанын байқап, үйден босандырып алуға мәжбүр болған.

- Біз уақыт жоғалтпастан бірден босандыруға кірістік. Босандыру процесі қауіпсіз атқарылды. Дүниеге ұл келді. Жалпы босандыру тәжірибиемізде бар. Бірақ соған қарамастан, болашақ аналарда күтпеген жағдайларды болдырмау үшін пациент «103» қызметіне мүмкіндігінше ертерек хабарлауына кеңес беремін. Олар жергілікті учаскелік дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы қажет. Алыс сапарға шыққанда да мейлінше дәрігеріне ескерткен жөн. Өйткені ана мен баланың саулығына қашан да атүсті қарауға болмайды, – дейді Р.Мұсағалиев.

103 қызметкерлері әйелді аман-есен босандырып, Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізді. Қазір жаңа босанған әйел мен оның сәбиінің жағдайы жақсы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қыркүйек, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.