Атырау, 13 қараша 11:03
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

348 просмотра

Бүгін Қазақстанның көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтілуде. Еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында қатты жел соғып, оңтүстікте күн ашық болады. Орталық пен шығыста ауа температурасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жетісу облысы

17 қыркүйекте Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 17 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 17 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 17 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 17 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 17 қыркүйекте жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 2-4 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 17 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының батсында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

17-18 қыркүйекте түнде Павлодар облысынын солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 17 қыркүйекте кешке найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 17 қыркүйекте күндіз жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады екпіні 18-23 м/с.

17 қыркүйек, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.