Атырау, 23 қараша 01:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер ауданының прокуроры тағайындалды

915 просмотра

Бас Прокурордың бұйрығымен Нариман Олжабайұлы Ешманов Атырау облысы Индер ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Н.О. Ешманов 1978 жылы туылған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан қызмет етеді.

Қызмет жолында ҚСжАЕК Атырау облысы бойынша басқармасында бас маман, прокурор және аға прокурор, Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры және аға прокуроры, Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Махамбет ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Атырау облысы Мақат ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

16 қыркүйек, 18:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.