Атырау, 19 қыркүйек 06:03
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Украинаға қарсы соғысқан БҚО тұрғыны көз жұмды

601 просмотра
Лұқпан Ахмедияровтың парақшасынан

Бұл туралы әлеуметтік желіге журналист Лұқпан Ахмедияров жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Журналист жазбасы

Лұқпан Ахмедияров Украинада Орал тұрғыны Айбек Рамазанов қайтыс болғанын, ол 2023 жылы Ресей Қарулы күштерінің қатарына ерікті есебінде Украинаға қарсы қылмыстық соғысқа қатысқанын хабарлады.

– Бұған дейін Айбек Рамазанов Батыс Қазақстандағы Жайықмұнай компаниясында жұмыс істеген. Маңызды ескерту: психикаңызды және жақын туыстарыңызды ресейлік теледидарды шамадан тыс көруден сақтаңыз. Ресей пропагандасы өлтіреді, – деп жазады ол.

Соғысқа қатысқаны үшін жаза

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше азаматы соғысқа қатысқаны үшін сотталғаны жөнінде БАҚ-та ақпарат тараған. Қазақстан азаматтары басқа елдегі қарулы қақтығысқа қатысса, қылмыстық жауапқа тартылады. Былтыр Қарағанды облысы Топар кентінің 34 жастағы тұрғыны Алексей Шомполов Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін алты жыл сегіз айға сотталған еді. Сол жылы Сәтбаев қалалық соты 59 жастағы Леонид Г.-ны шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу бабы бойынша алты жылға бас бостандығынан айырған.

16 қыркүйек, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.