Атырау, 19 қыркүйек 06:15
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Тоқаев Малаховты қызметінен босатып, орнына Элимановты тағайындады

351 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Дмитрий Малаховты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатып, оның орнына Жанат Элимановты тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, президенттің өкімімен Әли Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

16 қыркүйек, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.