Атырау, 19 қыркүйек 05:56
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Нигерия түрмесінен 300-ге жуық қылмыскер қашып кетті

320 просмотра
Фото: Reuters

Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Майдугури түрмесінің қабырғасы алапат су тасқынынан кейін құлап, 281 сотталушы қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.

«Су тасқыны түзету мекемелерін, оның ішінде күшейтілген режимдегі түзету орталықтарын, қызметкерлерге арналған тұрғын-жайларды қиратып кетті», - деді түрме басшысы Умар Абубакар.

Өткен аптада Майдугури – Борно штатының астанасы, соңғы онжылдықтағы ең қатты су тасқынына ұшырады. Толассыз жауған жауын су бөгетін толтырып, ернеуінен асып төгілген.  Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 30 шақты адам қаза тауып, миллионға жуық адам зардап шеккен.

16 қыркүйек, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.