Атырау, 19 қыркүйек 05:19
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

​Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне үкім шықты

344 просмотра

«Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. сотталды. деп хабарлайды Антикор.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды.

Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

16 қыркүйек, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.