Атырау, 16 маусым 23:10
 дождьВ Атырау +32.5
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Air Astana Атырауға қайтып оралуға мәжбүр болды

1 224 рет қаралды

Бүгін, 16 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясы орындайтын «Атырау-Алматы» бағытындағы №878 рейс 11:05-те Атыраудан ұшып, 30 минуттан соң қайтадан Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына оралуға мәжбүр болды. 

Нақты себебін түсінбеген жолаушылар редакцияға хабарласып, анық-қанығын білуді өтінген еді. 

Әуе компанияның анықтама бөлімінен білгеніміздей, ұшақ өндірістік қажеттікке байланысты қайта оралуға мәжбүр болған.

 - Себебі жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында, -деп түсіндірді компанияның өкілі. 

"АЖ" редакциясына да нақты не болғанын айтпады. Ал, Атырау халықаралық әуежайының анықтама бөлімі №878 рейс сағат 15:30-ға дейін кешіктірілгенін хабарлады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 қыркүйек 2024, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.