2024 жылғы 15 қыркүйектегі Құрманғазы ауданы Бірлік және Дыңғызыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44 бабы, 113 – 10 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданыБірлік және Дыңғызыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтежелерін белгіледі:
Бірлік ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1275 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 736. Жарамсыз бюллетеньдер саны 12, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж.Д.Абуеваға– 69
Н.Т. Дарелов – 541
А.С.Тунгатароваға– 106
Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Дарелов Нурдаулет Танатарович, 1983 жылы туған, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы аудандық филиалы, директор, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, өзін – өзі ұсынылған кандидат сайланды.
Дыңғызыл ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне1498 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 842. Жарамсыз бюллетеньдер саны 14, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 20.
Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
О.Н.Азимовке– 569
Е.Т.Қайырға– 108
А.М.Рахимовке – 131
Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі болып Азимов Оралбай Нуржаубаевич, 1977 жылы туған, Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жыланды ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған кандидат сайланды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА