Атырау, 23 қараша 06:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бақторы иелеріне төртінші көлік ұтып алды

Сурет
863 просмотра

Мақат ауданында республикалық ат бәйгесі өтті.

Мақат ауданының ғасыр тойына орай  ұйымдастырылған сайыстың бәйгесін Қарағандының шабандозы алды. 30 шақырым қашықтықтағы мәреге алғаш жеткен 11 жасар атбегіге су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Аламан бәйгеге 17 тұлпар қатысып, 4-еуі мәреге жетті. Қатарынан оза шапқан жүйріктер Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан және Атырау облысының Жылыой мен Қызылқоға аудандарынан келген.

Бас жүлдені жеңіп алған Бақторы және оның 11 жасар шабандозы Әнуар Сұңғатұлы жарыс мәресіне 1 сағат 2 минут 50 секундта келді. Жасөспірім мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отыр. 

- Бақторы жылда сайын бәйгеде шауып жүрген жылқы. Осыған дейін 3 көлік ұтты. Үстіне отырған шабандоз - туған бөлем. Қарағандыдан алып келдік. Бұл оның бірінші көлігі. Енді алда 10 көлік бұйырсын дейміз,- деді ат иесі Жандос Мақсатұлы. 

Айта кетейік, 2-орын иегері ақтөбелік Әдебиет Нұрқатқа мотоцикл, 3-орынды жеңіп алған Қалқамжан Әлиге үлкен телидидар, ал мәреге 4-ші жеткен мұқырлық Тілекқали Нұрбекке ақшалай сыйлық берілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 қыркүйек, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.