Бас Прокурордың бұйрығымен Магилан Рахимов Атырау облысы Мақат ауданының прокуроры болып тағайындалды.
М.Е. Рахимов 1984 жылы туылған. Прокуратура органдарында 2007 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болды.
Бас Прокурордың бұйрығымен Мирас Жалмурзин Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды.
М.Е. Жалмурзин 1993 жылы туылған. Прокуратура органдарында 2016 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА