Атырау, 19 қыркүйек 04:06
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Орташа зейнетақы 131 мың теңге: еңбек министрлігі жаңа статистика жариялады

377 просмотра
Фото: gov.kz

Қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 мың теңге, ал  базалық зейнетақы 42 597 теңге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа статистикасына сүйенсек, елімізде 2 млн 405 мың  зейнеткер бар.

«2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге», - деп хабарлады министрлік.

Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, жеке есептелетінін еске салып отыр.

16 қыркүйек, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.