Атырау, 23 қараша 06:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда кәсіпкерлер қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

846 просмотра

Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын бюджетке қайтаратыны белгілі болды.  

Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сүйенсек, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп. 

«Мұндай қаржы ұсынылған жобаларды іске асыруға жұмсалуы тиіс. Алайда, мониторинг қорытындысымен ұсынылған бизнес жобалардың іске асырылмағаны, грант қаржысын қолма-қол жұмсау дерегі анықталды», - деді Сәттіғұл Сабыров. 

Оның айтуынша, осындай себеппен сотқа талап қою арызы жолданған.  

Бүгінге дейін 13 кәсіпкерге қатысты сот шешімі шықты. Сот шешіміне сәйкес олар 20 млн теңгеге жуық қаржыны бюджетке қайтаруы тиіс.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

16 қыркүйек, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.