Атырау, 10 қазан 02:37
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Мақат ауданы 100 жыл толу мерейтойын атап өтуде

Сурет
1 503 просмотра

Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Мұнайлы елім – киелі жерім» атты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат ӨТЕШОВ  және облыстық мәслихат депутаттары мен аудан жұртшылығы қатысты. 

- Құрметті аудан халқы! Сіздерді облыс әкімі Серік Шәпкеновтың және өз атымнан мерейтоймен құттықтаймын! Бұл ауданда өндірістік өлкені өркендетуге үлес қосқан барша аға буынның еселі еңбегі, айқын қолтанбасы мен өшпес ізі бар.  Ендеше, ауданның болашағы жарқын болсын! Ел игіліне жасап жатқан еңбектеріңіз еселене берсін, - деді облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев.

Ауданның дамуына үлес қосқаны үшін денсаулық сақтау саласының ардагері Ахметжан САРЫҰЛЫНА,  облыстық мәслихат депутаты Қуаныш ИСМАҒҰЛОВҚА және  зейнеткерлер Дәулетбай ДІҢҒАЛИЕВ пен Орақ ДЕҢГЕЛБАЕВҚА «Мақат ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Сонымен қатар,  облыстық ардагерлер кеңесінің атынан Көбейсін САЮПОВҚА «Алып қыран» ордені, Ғалымжан САРИЕВКЕ  «Тәлімгер» ордені, Дүйсенбай ТҰРҒАНОВҚА, Діңғали ДӘУЛЕТБАЕВҚА, Сәнімжан ҚОБЫЛАНДИЕВКЕ «Ел ағасы» алтын төсбелгісі және Марзия КҮМІСБАЕВАҒА,  Руза ЕРТІЛЕУОВАҒА, Бұрыш ШУИНШАЛИЕВАҒА «Ардақты ана» алтын белгісі сондай-ақ, Хасан ҚАРАМАНОВҚА «Дауылпаз» ордені және  Елтай ДЮСОҚА «Хиуаз Доспанова» медалі табысталды. 

Бұдан бөлек, ауданның бірқатар еңбеккері облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қыркүйек, 01:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.