Атыраулық споршылар ел қоржынына үш медаль салды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еске сала кетейік, Астанада өткен дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Атыраудан үш спортшы қатысты.
Дәстүрлі садақ ату спорты бойынша командалық сынға түскен Бексұлтан МАРАТ күміс жүлдені жеңіп алды.
Құсбегіліктен Арман ҚОШҚАРОВ, алыш күресінен Нұржан СӘРСЕНҒАЛИЕВ қола жүлде иемденді.
- Финалда сәтті өнер көрсеттік. Қазақстандық құсбегілердің қай-қайсы да жақсы нәтиже көрсетті. Финалға Нарын есімді құсыммен шықтым. Екінші құсым іріктеу турнирінен өтті, дегенмен, Нарынның жылдамдығы жоғары болды, - дейді құсбегі А.Қошқаров.
Еске сала кетсек, құсбегілік өнер бойынша финалға 10 құс шықты. Қатысушылар арасында Қазақстан, Испания, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттер бар.