Бас Прокурордың бұйрығымен Абзал САХИЕВ Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болып тағайындалды.
А.С.Сахиев 1983 жылы туылған.
Прокуратура органдарында 2005 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Мақат ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау қаласы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысы Индер ауданының прокуроры болды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА