Атырау, 11 қаңтар 11:09
 ашықВ Атырау +1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Маңғыстау облысында тағы 16 бала уланды

1 074 просмотра
Коллаж Курсив

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 16 оқушы судан ұшынып қалған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтты.

Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 16 оқушысы 12 қыркүйекте сағат 18:34 шамасында аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне іші ауырғанын айтып шағымданған.

"Қабылдау бөлімінде оральды регидратация және инфузионды терапия жүргізілді. Сағат 21:43 жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы қалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды", - дейді ведомство.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары мектептегі ас және ауыз судан сынама алып, экспертизаға жіберді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында астан ұшынған 92 бала ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарланған болатын.

13 қыркүйек 2024, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.