Австрия астанасы Global Liveability Index рейтингінде үшінші жыл қатарынан көш басында тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар мұндағы денсаулық сақтау, білім беру салаларын, инфрақұрылымын жоғары бағалап отыр.
Негізі тізім құруда 30 негізгі талап бойынша 173 шаһардағы жағдай саралаған. Сөйтіп үздік үштікке Дания астанасы – Копенгаген мен Швейцариядағы Цюрих кірген. Ал «Ең жайсыз қалалар» деп Алжир мен Триполи танылған.