Атырау, 18 қыркүйек 07:03
 ашықВ Атырау +22
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

​Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарын тексеруді бастады

813 просмотра

Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарына, атап айтқанда:

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ;
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ;
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да қарызды басқару тиімділігіне аудит басталды.

Шілдеде «ҚазМұнайГазға» монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 539,4 млн теңге айыппұл салынды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері ҚМГ-нің мұнай өнімдерін сатуды шектеу бойынша өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады.

13 қыркүйек, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.