«Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен үздіктерді марапаттау жиыны өтті. Аталған жиынға партия мүшелері, құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Жиын барысында Атырау облысы ТЖД бір топ құтқарушысы табиғи апаттарға қарсы күресте табандылық пен батылдық танытқаны үшін «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды. Олар бөлімше командирі Нұркелді Жұмабаев, өрт сөндіруші – құтқарушы Рашит Дулатов, өрт сөндіруші – құтқарушы Дамир Серікқалиев, жүргізуші қызметкер Ізбасар Айтжанұлы, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Бахтияр Утикарев, аға жүргізуші-инструктор Естай Изгалиев, өрт сөндіруші-құтқарушы Еркін Қосаманов, жүргізуші қызметкер Қайрат Алпысбаев, құтқарушылар Мейрамбек Саденов пенИван Ромашов.
Аталған құтқарушылар Атырау облысы Қызылқоға ауданына, Махамбет ауданында тасқын су басуының алдын алу мақсатында қызметкермен бірге жіберіліп, су тасқынан қорғау үшін ауыл тұрғындары және ерліктерімен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп, ауылдарды су басу қаупінің алдын алды.