Атырау, 18 қыркүйек 06:59
 ашықВ Атырау +17
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті

765 просмотра
Видеодан скриншот

Алматы облысында автобус қоғамдық көлік көпірден құлап, шағын автобусқа соғылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

№78 автобус көпірдің қоршауын бұзып, төменде келе жатқан Mercedes-Benz шағын автобусына құлаған. 

Автобус жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ол транспортты басқарып келе жатқан кезде есінен танып қалған деген алдын ала мәлімет бар. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шағын автобустың ішіндегі адамдар үйлену тойынан қайтып келе жатқан, олардың барлығы тек жеңіл жарақаттармен аман қалған және медициналық тексеруден өткен. Қазіргі уақытта полиция апатқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі көлік те арнайы тұраққа жіберілген.

13 қыркүйек, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.