Атырау, 11 қазан 08:28
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Туған жерге "сүйіспеншілік"

Сурет
1 057 просмотра

Туған қалаға сүйіспеншілікті білдіретін инсталляция алты сағат қана тұрды. Түске қарай оны кішкентай вандалдар быт-шытын шығарды.

Ал, «Каспийдормостострой» компаниясына тиесілі идеядан бастап, оны орнатуға дейін 8 ай уақыт өтті. КДМС өз бетінше дизайнер тауып, тұрғындарға тарту ету үшін туған қалаға сүйспеншілікті бейнелейтін арт-нысанды ойластыруды өтінген.

- Туған қалаға сүйіспеншілікті білдіретін инсталляциялар әлемде кең таралған және қала тұрғындары мен қонақтарының суретке түсетін танымал орнына айналған. Бұл туған жеріне деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін білдірудің тағы бір жолы, - дейді «КДМС» ЖШС директоры Леонид ЗАДЕРНЫЙ. - Біз жас суретші-сәулетшіге хабарласып, дизайнын бірлесіп әзірледік, оның жобасы бойынша тірек доғаларын дәнекерлеуге және топиарийге арналған табанына тапсырыс бердік, күйіп кетуден қорғайтын жоғары сапалы жасанды көгал таптық. Көп еңбекті қажет ететін жұмыс болғандықтан авторды асықтырмай, шыдамдылықпен күттік. Ақырында, инсталляцияны орнатып, құмыраларды тірі гүлдермен безендірдік. Бұл сұлулық түске дейін тұрды. Келесі күні біз жебені алып тастап, автор жаңа жабынды қаптады. Бір күннен кейін жаңартылған жебенің өзін тамырымен суырып алыпты. ...Қаламыз үшін ұят, ол Алматы, Астана немесе Шымкент секілді әдемі көрінуге лайық емес пе?

«АЖ» қаладағы вандализм мәселесін: адамдар автоматты бүріккіштерді қалай қасақана бұзып тастағаны, көгалдарды таптағаны, бұтақтарды сындырғаны немесе гүлзарлардағы гүлдерді жұлып тастағаны туралы әлденеше рет көтерген еді. 

Көгалдандырушылар мұндай деректер азайғанын, бірақ ара-сыра болып тұратынын айтады. Бүкіл еңбегі мен талантын осындай қиын іске жұмсайтын жандар үшін бұл өте ауыр нәрсе. Бұл жерде қоғамдық айыптау мен саясаткерлердің вандализм мен зиянкестікке «нөлдік төзімділігі» осы жерде өте орынды.

Айтпақшы, қаланың бұзақылары табылды. Олардың үлкенінің жасы 14-те, ондай кішкентай да емес. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа, олар жай ғана иықтарын қиқаң еткізді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттерді түсірген автор

12 қыркүйек, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.