Атырау, 18 қыркүйек 09:52
 ашықВ Атырау +22
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Құрманғазы ауылында көше жарықтары орнатылады

965 просмотра

Құрманғазы ауылдық округінің Құрманғазы ауылы Атырау көшесінде электр желісімен жабдықтау нысаны бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Атырау көшелеріне жаңадан бағана орнату, әуе электр желісін тарту, көше жарықтарын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беріліп, 
ЖК “Абулхайров А” жеңімпаз деп танылды. 

Мердігер мекеме тиісті жұмыстарды жүргізуде, 89 бағана орнатылып, 3800 метр электр мен көше жарығына СИП кабель тартылып, 27 дана көше жарығы орнатылды.

Жөндеу жұмыстары аяқталуы жақын, “Атырау Жарық” АҚ мекемесі арқылы қосу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы жұмысқа 3 техника, 7 адам жұмылдырылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

13 қыркүйек, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.