Атырау, 11 қазан 08:32
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ұлттық ұлан 3 жыл 9 айда 58 әскери қызметшісі қаза тапқанын ресми мәлімдеді

489 просмотра
Фото: national_guard_kaz

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов 3,9 жылда Ұлттық ұлан қатарында 11 сарбаз қаза тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баяндама жасаған Үмбетов өз сөзінде соңғы үш жыл мен 2024 жылдың 9 айында Ұлттық ұлан қатарында 58 әскери қызметші қаза тапқанын, бірақ, оның бәрі сарбаз емес және жұмыста қаза таппағанын алға тарта берді.

«Ұлттық ұлан қатарында соңғы үш жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қаза тапқан болса, оның ішінде сарбаздар саны 11 адам. Қалғандары – офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери адамдар», - деген ол олардың қалай және неден көз жұматынын түсіндірді.

Үмбетов айтқандай, 2022 жылы екі сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан. Бір сарбаз, яғни, Алматы қаласында орналасқан 5574 әскери бөлімінің сарбазы Алмаз Шахимов  Ұлттық ұланның әуел баста берген мәліметі бойынша үстіне шатыр құлап қаза тапқан.

Алайда, анасы оның сүйегін қазып алып, зерттеу жүргізгенде, ұлының денесіне әлдекімдер пышақ сұққанын және темекі іздері барын анықтаған.

«Тағы екі әскери қызметкер жол апатынан қаза тапты. Яғни, өздері демалып жүргенде немесе жұмыстан тыс уақытта жол апатынан қаза тапқандар», - деді ол.

Үмбетовтің сөзіне сенсек, 3,9 жыл кезінде Ұлттық ұланның қатарындағы 29 әскери қызметші аурудан қаза тапқан.

«Олардың ішінде солдат болып қаза тапқаны 4 адам. Яғни, әскерге келген төрт адам денсаулығы жарымсыз болып аурудан қаза тапқан. Тағы бір әскери қызметшіні тоқ ұрып қаза тапты. Биыл бір әскери қызметші демалысы кезінде қайтыс болды. Осылайша, осы 58 фактінің ішінде 2021 жылы 5 солдат, 2022 жылы – 4 солдат, 2023 жылы -  бір солдат қаза тапса, 2024 жылы тоғыз ай ішінде қаза тапқан солдатымыз жоқ. Бұны менің ресми мәлімдем деп қабылдаңыздар», - деді отырыста ол.

Айта кетейік, Ұлттық ұлан дегеніміз - Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін әскер. 

Ал күні кеше хабарлағынымыздай, төрт жыл ішінде Ұлттық ұланға және өзге де әскери құрамаларға борышын өтеуге барған 310 сарбаз бақилық болған. 

12 қыркүйек, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.