Атырау, 18 қыркүйек 02:00
 ашықВ Атырау +17
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

​Аргентинада шеру соңы қақтығысқа ұласты

318 просмотра

Аргентина халқы тағы көшеге шықты. Алайда бейбіт басталған шеру көп ұзамай полициямен қақтығысқа ұласты. Ашуға булыққан топты тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды  24.kz

Тәртіпсіздік кезінде 30 адам зардап шеккен. Аргентина азаматтары зейнетақыны ұлғайтуға қарсы заңның бұғатталуына наразы. Жуырда ел парламентінің төменгі палатасы осындай шешім қабылдаған еді. Жалпы кейінгі жылдары Аргентина экономикасы қиын кезеңді бастан өткеріп келеді. 

Жылдық инфляция деңгейі 236 пайыз шамасында. Орташа зейнетақы көлемі 231 долларды құрайды. Ал тұтыну себеті 300 долларға жақындап қалған. 

12 қыркүйек, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.