Атырау, 18 қыркүйек 04:21
 ашықВ Атырау +17
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Түрлі-түсті бояумен нақышталған сұлулық

Сурет
1 045 просмотра

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Индер ауданы орталығындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына әлеуметтік маңыздағы суреттер (мурал) салынуда. 

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әли ЖАЙШЫЛЫҚТЫҢ айтуынша, суреттер аудан орталығындағы көпқабатты үш үйдің және бір колледждің қабырғасына салынған. 

- Салынған суреттердің мақсаты - бала тәрбиесі мен салт-дәстүрді насихаттауға және халықты табиғатты аялауға бағытталған. Ерекше мурал кенттің көркін келтіріп, тұрғындарға жақсы әсер сыйлауда. Алдағы уақытта аудан орталығындағы тағы да басқа көпқабатты үйлерді әлеуметтік маңыздағы суреттермен безендіру жоспарда бар, - дейді Ә.Жайшылық.  


Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланғандай, төрт қабырғаға сурет салу 9 млн 625 000 теңге бөлінген. Төрт үйдің суретін атыраулық үш суретші он күннің ішінде аяқтаған.

«Тендердің шартына сай жұмыстарды уақытында аяқтау үшін күнімен түнімен жұмыс істеп, бір муралды шамамен үш күнде салып аяқтадық. Мурал баллондағы бояғыштармен шашу арқылы  салынады. Әдемі әрі түсі қанық шығу үшін 100 түрлі бояуды қолдандық. Бояуды арнайы Ресейден алдырамыз, ыстыққа және жаңбырға төзімді. Өзіміз атыраулық болғасын, сапасына ерекше мән береміз. Жұмыс біткен соң, бетін лактеп, 2 жыл кепілдік береміз, - дейді суретші Мейірбек БАХТИЯР. - Әкімдіктің тапсырысына сәйкес көпбалалы отбасыларға берілген көпқабатты үйге «Ана мен бала» бейнесі, көпсалалы колледждің қабырғасына «жұмысшы мамандық иелері», «табиғатты аялайық» тақырыбындағы суретті салдық. Суретті салған командамда інім Асылбек БАХТИЯР мен Мирас ЖАНҒОЖИЕВ деген әріптестерім бар. Үшеуміз де Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектеріміз.

Айта кетейік, суретшілер 2019 жылы Атырау қаласындағы драма театрдың жанындағы 9 қатарлы үйге Махамбет Өтемісұлының портретін, Балықшы ықшамауданындағы 5 қатарлы үйдің қабырғасына торға шырматылған балықтардың суретін бейнелеген еді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 қыркүйек, 01:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.