Атырау, 18 қыркүйек 00:37
 ашықВ Атырау +16
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Путин уран, титан және никель экспортын шектеуді ұсынды

342 просмотра
Сурет: Ақорда

Ресей кейбір стратегиялық шикізатты, мысалы, уран, титан немесе никельді өзіне зиян келтірмей сыртқы нарыққа жеткізуді шектей алады. Ресей президенті Владимир Путин үкіметпен кеңес барында осы мәселені ойластыруды тапсырды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.  

«Бізге бірқатар тауарларды жеткізу шектеліп жатыр. Біз де белгілі бір шектеу қоюымыз керек шығар?» — деді Путин.

Оның айтуынша, әңгіме Ресей Федерациясының әлемдік нарыққа үлкен көлемде жеткізіп отырған кейбір тауар түрлері туралы болып отыр.

«Уран, титан, никель. Өзімізге зиян келтіретін ештеңе жасамаңыздар», — деді Путин.

Оның айтуынша, осы және өзге де бірқатар тауарды «сыртқы нарыққа жеткізуге белгілі бір шектеулер жайында ойлану керек».

Путин Ресейдің стратегиялық шикізат қоры бойынша көшбасшы екенін еске салды: онда табиғи газдың 22% дерлік, алтынның 23% жуық және алмаздың 55%-ға тарта үлесі бар.

«Кей елдерде стратегиялық қор құрылып, басқа да шаралар қабылданып жатыр, жалпы, егер бұл бізге зиян тигізбесе, онда ойлануға болады (мен мұны ертең істеу керек деп айтпаймын, бірақ бұл туралы ойланыңыздар). Мен атаған тауарларға ғана емес, кейбір басқаларына да сыртқы нарыққа жеткізуге белгілі бір шектеулер туралы айтып отырмын», — деді ол үкіметке тапсырмасында.
12 қыркүйек, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.