Атырау, 10 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жайық өзенінің бойына миллионнан астам бекіре шабақтары жіберілді

Бейнежазба
1 283 просмотра

«Теңізшевройл» көрсеткен қолдаудың арқасында Атырау бекіре балық өсіру зауытында бағалы балық түрінің осындай орасан зор саны өсірілді. Бекіре тұқымдасы балықтарды сақтау - Атырау облысының аумағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар табиғатты қорғау науқандарының бірі.

Іс-шара 2017 жылдан бері сәтті іске асырылуда. Осы жылдар аралығында ТШО «Орал - Атырау бекіре балық өсіру зауытына» қолдау көрсетіп келеді. Зауыт, өз кезегінде, аналық табынның теңізге оралу санын арттыра отырып, Жайық өзеніне бекіре балықтарының шабақтарын жібере алады.

Бекіре балық өсіру зауыты ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл салмағы 3 грамм болатын 1 миллион 57 мың шабақ өзенге жіберілді. Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2022 жылы өзен бойына 50 мың шабақ жіберілді.

Айта кететін ақпарат, шабақтардың өзенге жіберілу көлемі жылына шамамен 3.5-4 миллион болуы керек, соңғы екі жылда аналықтарды көбейту мәселеріне байланысты, соның салдарынан шабақтардың саны да едәуір азайған болатын.

Атырау облысының шегіндегі Жайық өзеніндегі балық қорын толықтыру су тасқыны мен шілтерлі су айдындарындағы балықтардың қатып қалуынан кейінгі жағдайға байланысты қазір өзекті болып отыр. Өз өндірістік қызметін өңір аумағында жүзеге асырып келе жатқан ТШО компаниясы бағалы балық түрлерінің популяциясын сақтап қана қоймай, көбейтуді өзінің парызы деп санайды, сондықтан экологиялық бағдарлама аясында кәсіпорын зауыт қызметкерлерінің құзыретін арттыру мақсатында техникалық семинарлар өткізіп тұрады.

Сонымен қатар, жабайы табиғаттан алынған ересектер өздерін «үйдегідей» сезініп, миллиондаған сау уылдырықтарды дүниеге әкелу үшін ТШО зауытқа заманауи жабдықтар мен техника сатып алуға қолдау көрсетеді. Өздеріңізге мәлім, бекіре тұқымдас балықтардың айрықша ерекшелігі - тек таза суда уылдырықтарын шашады. Сонымен, зауыт үшін арнайы жасанды тоғандардағы оттегін бақылау үшін аэраторлар (жобаның ауқымын шамамен бағалау үшін бір тоғанның ауданы 2 гектардан асатынын және тереңдігі 2 метр екенін білу жеткілікті), сыртқы тереңдету жұмыстарына арналған экскаваторлар, жабық сумен жабдықтау бассейндеріне арналған қысқы және жазғы су салқындатқыштар сатып алынды.

ТШО бағалы балық тұқымдарының сапалы тамақтануын да назардан тыс қалдырған жоқ: шабақтар мен аналық табынға арналған жоғары сапалы жем үнемі жеткізіліп тұрады. Жем бекіре тұқымдас балықтардың тағамдық қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді, өйткені олар аквашаруашылық ғылымының соңғы жетістіктерін ескере отырып жасалған теңдестірілген тамақтану рационы. Соңғы алты жылда жалпы 21,7 тоннадан астам жем жеткізілді. 2024 жылы ТШО бекіре зауытын қолдауды жалғастыруда және қазіргі уақытта бекіре тұқымдас балықтарға арналған тағы 8.1 тонна жоғары сапалы жем жеткізу үстінде.

Орал-Атырау бекіре зауытының қызметкерлері аналық табын мен бекіре шабақтарының салмағы айтарлықтай өскенін және 2024 жылы өзенге 1 миллион 56 мың шабақ жіберілгенін атап өтті. ТШО-да осындай жетістіктерге қол жеткізу ерекше айтып өтетін жәйт – өйткені бұл іске асырылып жатқан бағдарламаның сәтті орында луының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Келер жылдары да компания бекіре-балық өсіру зауытына қолдау көрсетуді жалғастыруды, сау әрі толыққанды бекіре тұқымдас балықтарды толықтыруды жоспарлап отыр.


11 қыркүйек, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.