Атырау, 10 қазан 03:27
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қазақстан Батысқа уран жеткізуді тоқтатуы мүмкін - Financial Times

1 185 просмотра

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бас директоры Мейіржан Юсупов Financial Times басылымына берген сұхбатында Батыс елдеріне өнім жеткізуге кедергі бар екенін мәлімдеген, деп хабарлайды Курсив.

Бұған Ресей мен Украина арасындағы соғыс Ресейге салынған санкциялар түрткі болып отыр.

«Бізге өнімдеріміздің бәрін болмаса да, көбін азиялық серіктестерге сатуға оңайырақ. Олар біздің барлық өнімдерімізді сатып ала алады. Барлық жұмыртқаларды бір кәрзеңкеге салғымыз келмейді», – дейді Юсупов.

Оның айтуынша, қазір санкция кесірінен Санкт-Петербург арқылы өтетін арзан маршрутпен материал жеткізу мүмкін емес. Каспий теңізі арқылы тасымалдау тым қымбатқа түседі.

Өткен айда компания 2025 жылға арналған болжамында өндіруді 17%-ға қысқартып отырғанын мәлімдеген. Жылдық есебінде «Қазатомөнеркәсіп» Азия нарығына – 49 %, Еуропаға – 32%, АҚШ-қа 19% уран жеткізгені айтылған.

Еске сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының былтырғы таза пайдасы 580 млрд теңгеге жетіп, 23%-ға артқан болатын. 

11 қыркүйек, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.