Атырау, 10 қазан 03:28
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдан бері ең төменгі деңгейге төмендеді

1 075 просмотра

Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті. Лондон биржасындағы ICE сауда деректері бойынша Астана уақытымен 19:15-тегі жағдай бойынша шикізат бағасы барреліне 69,72 долларға дейін құлдырады. Оның алдындағы сауда-саттықтың жабылу деңгейіне дейін төмендеу сол кездегі 2,95%-ды құрады, деп хабарлайды Курсив.

Сағат 19:37-ге жақындағанда баға белгіленімі барреліне 69,57 долларға дейін төмендеп, 3,22%-ға арзандады. Өз кезегінде WTI (West Texas Intermediate) америкалық маркалы мұнайдың қазан айындағы жеткізілімдері бойынша фьючерстік келісімшарттар осы уақытқа дейін құнын 3,29%-ға (барреліне 66,45 долларға дейін) жоғалтты.

TENGENOMIKA бұған АҚШ пен Қытай нарығындағы мұнайға деген сұраныстың төмендеуі, ОПЕК+ ұйымының жыл соңына дейін мұнай өндіруді  үдетуі себеп болды деп түсіндірді.

Мұнайға бұдан былай жоғары баға белгіленбеуі және басқа да жағдайларға байланысты одан әрі төмендей беруі мүмкін.

ОПЕК+ келісіміне сәйкес Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері мұнай көлемін ерікті қысқартуды 2 айға дейін ұзартқан. Негізінен ОПЕК+ шектеулері алынып, қазан айынан бастап, кезең-кезеңімен мұнай көлемін арттыра бастауы керек болған. Бірақ ұйымға кіретін мемлекеттер шектеулерді тағы екі айға ұзартуға келісіп, мұнай көлемін арттыру мерзімін 2024 жылдың желтоқсанына дейін шегерген. 

11 қыркүйек, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.