Атырау, 11 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атыраудағы орталық көпір ретке келтірілуде

Бейнежазба
1 171 просмотра

Бірнеше күннен бері «Спецавтобаза» ЖШС қызметкерлері орталық көпір үстінде газ баллоны арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала тұрғындарын мұның жаяу жүргіншілер мен көліктер үшін қаншалықты қауіпсіз екендігі алаңдатып отыр.

«Спецавтобаза» ЖШС директоры Алмас ІЗТЕЛЕУОВТІҢ сөзінше, үш қызметкер жігіт қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен. Алайда, әйел адамдар да темірді отқа күйдіріп тұрғанының куәсі болдық.

- Бұл - пропан баллондары. Оны бізге арнайы мекеме жеткізіп отырады. Қауіпсіздігі бойынша біздің мамандар барлық нұсқаулықтан өтті. Күйдірмесек болмайды, себебі жыл сайын көпір жақтауларын сырлаған кезде ескі сыр бір-біріне жағылып, әдемі көрінбейді. Сондықтан, қыздырып, сырдың бәрін алып тастап, темірдің өзін қалдырып,«три в одном» деген металлға арналған сырды жағамыз. Біраз уақытты алады. Бұл сыр қымбаттау, бірақ атқарған жұмыс сапасы ертең көзге көрінеді. Кішкене жергілікті тұрғындарға, жүргіншілерге де қолайсыздық туғызып жатырмыз, кішкене шыдай тұрсаңыздар, алдағы уақытта бәрі қалпына келіп, жақсы болады, - дейді Ізтелеуов.

Аталған жұмыстар санитарлық тазалау жұмыстарына кіреді. Бұл жұмыстар бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Спецавтобаза» ЖШС-імен 2 млрд 642 млн 654 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісімшартқа отырған. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстарға жергілікті бюджеттің 1 млрд 899 млн 576 мың теңгесі бөлінген.

 Ізтелеуовтың сөзінше, көпірді арнайы сырлау үшін бөлек қаражат бөлінбеген. 

Айнұр САПАРОВА

11 қыркүйек, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.