Атырау, 10 қазан 02:26
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырауда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

1 200 просмотра
Көрнекі сурет

Қала алдағы қысқа дайын ба? Осы және басқа да «АЖ» сауалына қала әкімінің орынбасары Тілек МАХУОВ жауап берді.

Оның айтуынша, жылу маусымына дайындық мамырда басталғанын айтады. Ол 1 қазанға дейін жүруі тиіс. 

Дегенмен, былтыр қыста Нұрсая ықшамауданында «тоңып отырмыз» деп шағымданған тұрғындар болды.

Махуовтың сөзінше, қазіргі уақытта пәтер иелері кооперативінің тапсырысы бойынша қаладағы1158 көпқабатты тұрғын үйлердің қатарында орталықтандырылған жылу жүйесінен, яғни Атырау жылу электр орталығы арқылы жылумен қамтамасыз етілетін 1034 үйдің жылу маусымына дайындығы тексеріліп жатыр. Яғни, осынша үйдің жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіліп жатыр.

- Нәтижесінде бүгінгі күні 730 үй сынақтан өткізіліп, толықтай қысқа дайындалды. Аталған үйлердің барлығын 1 қазанға дейін қысқы маусымға толықтай дайындау басты жоспарда. «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не қарасты Нұрсая ықшам ауданы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтитын жылу беру орталықтарына 21 дана қазан (резерв) ауыстыру жоспарланған. Аталған қазандық ауыстыру жұмыстары басталды және жылу беру маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жылу қазандықтарының қысқа дайындау жұмыстары  майлау-сылау жұмыстарымен қоса су қысымымен тексеру арқылы жылу құбырларымен бірге  сынақтан өткізіледі.  Аталған барлық қысқы дайындық жұмыстардың уақытында орындалуы әкімдік тарапынан ұдайы бақылауда болады, - дейді Т.Махуов. 

Айнұр САПАРОВА

11 қыркүйек, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.