Атырау, 22 қараша 06:21
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Түркияда 8 жасар қыздың жұмбақ өліміне қатысты 20-дан астам адам күдікке ілінді

446 просмотра

Түркияның Диярбакыр провинциясында 8 жасар Нарин Гюран есімді қыздың жұмбақ өліміне қатысты 20-дан астам күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Haber Global басылымына сілтеме жасап.

Бүлдіршін шамамен үш апта бұрын діни курсқа кетіп, Тавшантепе аумағында жоғалып кетті. Бастапқыда қыздың отбасы бүлдіршінді өздері іздеп таппақ болған. Алайда кейін қыздың әкесі полицияға жүгінді. Іздестіру жұмыстарына кинологтар мен қызметтік иттер жұмылдырды. Аймақтағы барлық көлік тексеріліп, ондаған азаматтан жауап алынды. Сондай-ақ полиция  аймақ түгелдей тексеріп шықты.

“Қыздың денесі өзінің тұрғылықты жерінен екі шықырым жерден өзен жағасынан табылды. Бүлдіршіннің мәйті мөшекке салынып, тас және ағаштармен жасырылған екен. Нариннің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Істі елдің жоғарғы басшылығы өз бақылауына алып, баланың отбасынан бірнеше адам күдікке ілінді. Қыздың анасы мен ағасы WhatsApp хабарламалары мен қоңыраулардың барлығын өшірген болып шықты. Түркияның бас прокуратурасы WhatsApp орталығына хабарласып, олардан жойылған хабарламаларды қалыпқа келтіруді талап етті”, – деп жазды басылым.

Полицияның айтуынша, бұл хабарламалар қыздың өлімінің құпиясын ашуы мүмкін. Түркияның құқық қорғау органдары WhatsApp мессенджерін әзірлеуші кеңседен жауап алу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін екенін атап өтті.

Түркия президенті Режеп Ердоған әлеуметтік желіде бүлдіршіннің өлімі қабырғасын қайыстырғанын жазды.

“Нарин жоғалып кетті деген күннен бастап қауіпсіздікке бағытталған күштік қызметкерлер қызымызды аман-есен табуға барын салды. 19 күнге созылған іздестіру жұмыстары қайғылы хабармен аяқталды. Бүлдіршінді өлтіргендердің бәрі жауапқа тартылады. Кінәлілер лайықты жазасын алу үшін сот процесін жеке өзім қадағалаймын”, – деп жазды Режеп Ердоған.

Бұған дейін марқұм қыздың отбасы тергеу барысын БАҚ-та көрсетуге тыйым салған еді. Алайда Диярбакыр қылмыстық соты бұл тыйымның күшін жойды.

10 қыркүйек, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.