Атырау, 17 қыркүйек 18:34
 ашықВ Атырау +11
$ 480.61
€ 534.53
₽ 5.28

Паралимпиадашылар елге оралды

750 просмотра

Бүгін елімізге Париж - 2024 паралимпиадасының жүлдегерлері оралды. Спортшыларды Астана әуежайында елордалықтар үлкен қошеметпен күтіп алды.

Парадзюдо тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи жеңіске қол жеткізген Қазақстан XVII паралимпиадасын үлкен жеңіспен аяқтады.

"Паралимпиадаға дзюдодан барлығы он спортшыны алып бардық. Барлық спортшымыздың жүлдемен оралатын мүмкіндігі болған еді.  Дегенмен, 5 спортшымыз 1 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізіп отырмыз. Мұның өзі үлкен нәтиже. Тарих жаңарып жатыр. Спортшылардың жетістігіне көңіліміз толады. Енді Лос- Анджелес олимпиадасына дайындаламыз", дейді Парадзюдодан ҚР Ұлттық құрама командасының Бас бапкері Жандос Қиянов.

Париж паралимпиадасының қола жүлдегері Жұрқамырза Шүкірбеков барша қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

"Париж паралимпиадасында парадзюдодан қола жүлдегер атандым. Бразилиялық палуанмен кездестім. Екінші белдесуде грузиялық палуаннан ұтылдым. Қола жүлдеге таласта франциялық палуанды жеңдім. 
Негізі алтын медальді көздеп барған едім. Бұйырғаны қола болды. Бізді қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын"
деді Париж паралимпиадасының қола жүлдегері.

Айта кетейік, Париж паралимпиадасын қазақстан командасы барлығы 9 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 2 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 қыркүйек, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.