Атырау, 23 қараша 05:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚазМұнайГаз және вьетнамдық Sovico Group компаниясы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

813 просмотра

9 қыркүйекте Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Sovico Group компаниясының Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары барысында ҚМГ мен Sovico арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған құжат геологиялық барлау, авиаотын жеткізу, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Кездесуде вьетнамдық Sovico Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруі және халықаралық авиарейстерді жетілдіру жөніндегі жоспары ескеріліп, тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру, карбонды кредит жобаларына қатысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап талқыланған мәселелерді жете пысықтау үшін ҚазМұнайГаз бен Sovico арасында арнайы топ құруға келісті.

10 қыркүйек, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.