Атырау, 8 қазан 16:34
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Қырғызстанда шенеуніктердің жалақысын көтеруге тыйым салынды

792 рет қаралды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды. Мораторий 2026 жылға дейін созылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған. Атап айтсақ, мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақы мөлшерін көбейтуге болмайды. Одан бөлек, мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ.

Айта кетейік, құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда президенттің жеке шешімімен мүмкін болатыны көрсетілген.

9 қыркүйек 2024, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.