Атырау, 11 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Көлік министрі Атырау облысы тұрғындарымен кездесті

811 просмотра
Сурет: gov.kz

Жиында жауапты салаға тиесілі өзекті мәселелер қозғалды. Министр алдыңғы өткен кездесудің қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесімен бөлісті. Өңір тұрғындары көтерген мәселелер бұл жолы да аз емес, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Атырау мен Орал арасын жалғайтын күре жолдың жағдайы. Жолды қалыпты күйінде сақтау - ортақ мүдде екенін алған тартқан белсенді  топ мүшелері ауыр салмақты жүк көліктеріне шағымданды. Салынған сапалы жолдардың тез тозып кетуіне негізгі себепкер болып отырған жүк көліктеріне шектеуді күшейтсеңіздер деген халық өтінішін жеткізді. Министр өз кезегінде еліміздің барлық аймағына алдағы жылдан бастап шамамен 220 дана салмақ өлшеу таразылары мен камералар орнатылатынын атап өтті.

Теміржол саласы нақтырақ айтсақ жолаушылар тасымалы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік көлемін арттырып, қосымша вагондар санын ұлғайту бойынша өтініштер бар. Облыстық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау ұйымының мүшелері 3-ші топтағы жандарға теміржол және әуе билеттеріне жеңілдіктер қарастыру бойынша өз уәждерін жеткізді. Тиісті сұрақ бойынша министр теміржол көлігінде жолаушылар тасымалы ережесіне сәйкес 3-ші топтағы мүгедектерге қандай жағдайда жеңілдіктер бар екендігі, сондай-ақ әуе билеттері әуекомпаниялардың ішкі ережелеріне сәйкес жеңілдіктер қарастырылатыны туралы түсіндірме берді.
Атырау облысы, Мақат ауданына қарасты Доссорлық ағайынның тағы бір өтініші 29/30 бағытындағы поездың қатынауы. Ведомства басшысы осы салаға жауапты мамандарға тиісті тапсырмасын бере отырып, жеке қадағалауда болатынын жеткізді.

Атырау өңіріндегі келесі нысан Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайы. Ары қарай Атырау-Орал автомобиль жолының жағдайымен танысады. Ал Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу ертеңге жоспарланған.

9 қыркүйек, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.