Парижде атыраулық спортшылар бағдарламаны жалғастыруда. 70 келіден жоғары салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Зарина РАИФОВА итальяндық Королина КОСТОМЕН жұдырықтасты. Ол Токио Паралимпиадасында қола және жақында өткен әлем чемпионатында алтын алқа алған болатын.
Татамидегі төреші Королинаға жекпе-жекті пассивті жүргізгені үшін үш ескертумен («шидо») «жазалады», ал Зарина бір ғана «шидо» алды: жеңіс оған берілді.
90 келіден жоғары салмақта Жұқамырза ШҮКІРБЕКОВ татами иелерінің өкілі ЖОРГЕНИМЕН қола алқа үшін күресуге мүмкіндік алды. Жұқамырза қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, нәтижесінде Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ