5-10 шілде аралығында Алматыда саяси қайраткер, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.
Атырау облысы Құрманғазы ауданы. Абай атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Амантай МАНСҰР (70 келі салмақта, жаттықтырушысы Тұрарбек УАХИТОВ) жарыс жеңімпазы атанды.
Енді Амантай 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетеді.
«Жарыс Абу-Даби қаласында өтетін ең ірі бокс кеші болады», - деп атап өтті Азия бокс конфедерациясы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА