Атырау, 23 желтоқсан 01:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

100 миллионға жуық шабақ құтқарылды

1 045 рет қаралды

Көлшіктерде қалып кеткен миллиондаған балықтарды құтқару жұмыстары әлі жалғасуда

5 қыркүйекте Индер балық инспекция бөлімі қызметкерлері Жарсуат және Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп, Индер ауданы  Жарсуат ауылы маңынан бөлініп қалған шалшық суларда қалып қойған шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргізді. 

- Бөлінген көлшіктерден барлығы  11400 дана жас шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілді, - деп хабарлады Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясы. 

Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясы Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы су қоймаларына жауапты. Олар өткен 3 айда 97 млн дана шабақты аман алып қалған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

9 қыркүйек 2024, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.