Атырау, 11 қазан 07:21
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың бесінші компрессоры іске қосылды

973 просмотра

2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Жамауов Әлібек Қарашығанақ кен орнында газды кері айдаудың 5-ші компрессорын іске қосу рәсіміне қатысты. Аталған шараға сонымен қатар "PSA" ЖШС бас директоры Ізбастин Бекет және "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Балықбаев Руслан және жоба акционерлері қатысты. Аталған маңызды жоба кен орнының инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтудің жалғасып жатқан бөлігі болып табылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Мұнай және газ өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ елдің энергетика саласында шешуші рөл атқарады. Жаңа компрессорды пайдалануға енгізу газды қабатқа қайта айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндіру деңгейін ұстап тұруға және кен орны жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Вице-министр жобаның жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталғанына назар аударып, Қарашығанақ жобасы мердігерлерінің, "PSA" ЖШС және мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі қазақстандық қамту үлесінің 54% - на қол жеткізу болды, бұл КПО Б.В. мен қазақстандық жеткізушілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асты.

7 қыркүйек, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.