Атырау, 19 қыркүйек 21:48
 ашықВ Атырау +8
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Атыраулық делегация V дүниежүзілік көшпенділер ойынының шеруіне қатысты

832 просмотра

Бұл туралы Астанадан «АЖ» тілшісі хабарлады.

Астанада 6 қыркүйек күні Қазақстанның 20 өңірінен 200-ден астам өкілдің қатысуымен «Бірлік керуені» атты ауқымды іс-шара өтті. Спортшылардан, батырлардан және қоғам қайраткерлерінен құралған керуен әр өңірдің дәстүрлі стилінде безендіріліп, шеру жасады. 

[GALLERY]

Шараға еліміздің әр өңірінен келген делегация аймақтарындағы киелі саналатын бұлақ көзінен торсық толы су жинап әкелген болатын. Атыраулық делегация Қиғаш өзенінен алынған қасиетті суды табыстады.

Үш спортшы, он елшіден тұратын атыраулық көшті  Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Сұңғат Закарияев  бастап барды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 қыркүйек, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.