Атырау, 11 қазан 07:11
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда жол құрылысын мониторингілеу барысында бұзушылықтар анықталды

1 250 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілерімен Атырау қаласындағы жол құрылысы, қайта жаңарту, орташа жөндеу жұмыстарына жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Жастар көшесінен Еркінқала кентіне дейінгі ұзындығы 11,7 км автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарланған. Оған бюджеттен 16 млрд теңге бөлініпті. Жобалық сметалық құжаттама шеңберінде жолдарды қайта жаңарту және тротуарларды жайластыру жөніндегі негізгі жұмыстардан басқа инженерлік коммуникацияларды қайта құру жоспарланған: жалпы ұзындығы 54 км электр сымдарын, 322 дана тіректерді, газ құбырларын, су құбырларын, байланыс желілерін, сыртқы жарықтандыруды, жылу желілері мен бағдаршамдарды бөлшектеу және монтаждау. Жолды реконструкциялаумен "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС мердігерлік компаниясы айналысады. Жұмыстың орындалу мерзімі-29 ай. Жұмыс су тасқынына байланысты осы жылдың маусым айында басталды.

Қазіргі таңда, ірі түйіршікті асфальтбетоннан жабыны төселген 760 м жолы оқу жылы басталуына орай жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша ашылды.

Осыған орай, аталған жолдың жөнделу барысына еріктілер мониторинг жүргізді.

Атап айтқанда, Жол активтері сапасы орталығымен Жастар көшесі бойында орналасқан жолдан ірі түйіршікті асфальтбетоннан жабынның жоғарғы қабатының керн сынамасын алынды. Нәтижесінде керннің қалыңдығы 8 см болды, бұл нормативтік-техникалық және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді.

Анықталған кемшілікті жою мақсатында еріктілер Тапсырыс беруші  мен мердігер компанияға тиісті ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, еріктілер Гагарин көшесіндегі жолдың қайта жаңартуына және Бергалиев көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг жасады. Керн сынамалары алынды, нәтижесі 10 жұмыс күн ішінде белгілі болады.

6 қыркүйек, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.